Оған сәйкес Алатау қаласында әуе такси жүйесін құру мақсатында шамамен 300 млн АҚШ долларына электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр.
Министрлік мәліметінше, бұл тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі (Urban Air Mobility) жобасының негізі болмақ. Жоба аясында сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне әуе таксиін интеграциялау жоспарланып отыр.
«Қазақстан инновациялық көліктің болашағына қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу – смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды кезең. Бұл шара Алатау қаласын болашақтың жоғары технологиялы, бірегей қала ретінде дамытуға серпін береді», – деді Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Joby Aero, Inc. (АҚШ) – EvTOL авиация саласындағы әлемдік көшбасшы, сертификатталған электрлі әуе таксилерінің әзірлеушісі.
Вячеслав Ким – Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, «Алатау қаласы» жобасының инвесторы.
Alatau Advance Air Group Ltd. – Қазақстандағы әуе мобильділігі технологияларының операторы және интеграторы.





