Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өтті

Алматы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кредиттік серіктестіктердің өкілдері қатысқан жұмыс кеңесі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы төрағалық етті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы басты тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда:
– агроөнеркәсіп субъектілерін несиелеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау,
– ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды лизинг арқылы алу тетіктері талқыланды.

Қазіргі таңда көптеген шаруашылықтар несиелерін толық мөлшерлемемен өтеуге мәжбүр. Бұл өндірістік шығынның артуына, тиісінше фермерлердің қаржылық жүктемесінің күшеюіне себеп болып отыр.

Кеңес барысында облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жағдайға түсініктеме берді:

«Қазіргі таңда аталған бағыттағы бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат тапшылығы байқалады. Осыған байланысты субсидия төлемдері уақытша шектеліп отыр. Дегенмен, мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Шаруаларға қаржылық институттардың орталық аппараттарына — “Аграрлық несие корпорациясы” және “ҚазАгроҚаржы” АҚ-на тікелей жүгініп, қолдау алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», – деді ол.

Әкімдік өкілдері аграрлық секторды қолдау бағытындағы жұмыстар тоқтамайтынын атап өтті. Саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жаңа қаржыландыру тетіктері, субсидиялау және жеңілдетілген лизинг бағыттары пысықталуда.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, олардың шығындарын азайтуға және өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz