Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Беларусь экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан мен Беларусь Алматы және Витебск облыстары деңгейінде өңіраралық әріптестікті нығайтуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Беларусь Республикасының Витебск облыстық атқару комитетінің төрағасы Александр Субботинмен кездесті.

Кездесу барысында Алматы облысы әкімдігі мен Витебск облыстық атқару комитеті арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың мақсаты – өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялармен алмасу және Қазақстан мен Беларусь арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту.

Кездесуге сондай-ақ Алматы облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі Беларусь бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Инвесторлар өнеркәсіп саласында ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары, соның ішінде өндірістерді жергіліктендіру және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ технологияларды тарту, тәжірибе алмасу және өндірістік кооперацияны дамыту бағыттары бойынша қосымша консультациялар өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Меморандумға қол қою және қол жеткізілген уағдаластықтар өңірлер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, тәжірибе алмасудың және өнеркәсіптік, аграрлық және әлеуметтік салалардағы бірлескен бастамаларды ілгерілетудің берік негізі болмақ.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz