Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл оқушыларына қауіпсіз көлік: Жамбыл ауданында мектепке тасымалдау жүйесі жолға қойылды

Ауылдық елді мекендердегі балалардың мектепке кедергісіз баруы – білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе шалғай ауылдарда тұратын оқушылар үшін бұл мәселе шешуші рөл атқарады, өйткені ең жақын білім беру ұйымына баратын жол кейде бірнеше шақырымға созылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұрынғы жылдары оқушылардың мектепке жетуі ата-аналардың алаңдаушылығын туғызатын. Балалар жаяу жүруге немесе кездейсоқ көліктерге амалсыз мінуге мәжбүр болатын, ал қолайсыз ауа райы жағдайды тіпті қиындатып жіберетін. Бүгінде жағдай өзгерді: мемлекет білім алуға тең мүмкіндік жасау мақсатында мектепке тасымалдауды жүйелі түрде қамтамасыз етіп отыр.

264 оқушыны күнделікті тасымалдайтын жүйе

Жамбыл ауданында 65 мектеп жұмыс істейді: 51-і – орта, 6-ы – негізгі, 8-і – бастауыш. Аудан аумағы кең болғандықтан, барлық ауылда орта мектеп жоқ. Сол себепті кей елді мекендердегі оқушылар көршілес ауылдарға күн сайын автобуспен жеткізіледі.

Аудандық білім бөлімі бас маманы Светлана Сүлейменованың айтуынша, бүгінде 12 мектепте оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Бұл мақсатта 13 автобус қызмет көрсетеді, олар күн сайын 264 баланы мектепке және үйлеріне қайта алып барады.

Мектеп автобустары тек ауылдардан ғана емес, саяжай серіктестіктерінен де қатынайды. Мысалы:

  • Үлкен ауылына «Энергетик» бау-бақша аумағынан – 9 оқушы,

  • Қасымбек ауылындағы мектепке «Тұрар» аумағынан – 25 оқушы,

  • Күтпанбетұлы мектебіне – 21 оқушы,

  • Қарасай негізгі мектебіне – 30 оқушы,

  • Танбалытас ауылына – 10,

  • Сұңқар ауылына – 41 оқушы жеткізіледі.
    Сондай-ақ Шолаққарғалы ауылынан 22 бала Үмбетәлі мектебіне қатынайды, себебі ол жақта тек негізгі мектеп қана бар.

Қауіпсіздік – басты талап

Барлық тасымал Golden Dragon маркалы заманауи автобустармен жүзеге асырылады. Әр бала тек отыратын орынға жайғасады, ал жолдағы тәртіпті сынып жетекшілері бақылап отырады. Жүргізушілер арнайы іріктеуден өткен, тәжірибелі мамандар.

Ата-аналар мұндай қолдауды жоғары бағалап отыр.
Шиен ауылының тұрғыны Айгерім Абдуахатова:

«Балаларым үшін көңілім тыныш. Автобус таза, жылы, техникалық жағдайы жақсы, жүргізушісі жауапты», – дейді.

Тағы бір ата-ана Айгерім Күлчинбаева:

«Балаларды тасымалдау өте жақсы ұйымдастырылған. Біз үшін ең маңыздысы – қауіпсіздік. Автобустар жаңа, жүргізушілер жол ережесін сақтайды. Мемлекетке алғысымыз шексіз», – деп пікір білдірді.

Білімге тең мүмкіндіктің кепілі

Мектепке тасымалдау қызметі – ауыл балаларының білімге қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік тетік. Бұл жүйе ауылда тұрса да, әр балаға қауіпсіз, жайлы жағдайда сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің жас ұрпаққа жасап отырған бұл қолдауы – тек көлікпен қамту ғана емес, ел ертеңіне салынған инвестиция. Өйткені мектепке кедергісіз жеткен әр бала – болашақта білімді, мүмкіндігі бар азаматқа айналады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz