Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздік деңгейі артып келеді

Талғар ауданында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. Бұл жұмыстар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аудан аумағында елді мекендер мен автожолдарға 1113 бейнебақылау камерасы және 56 «Сергек» жылдамдық өлшеу құрылғысы орнатылды. Мұндай жүйелердің іске қосылуы құқық қорғау органдарына жол ережелерін бұзу фактілерін нақты уақыт режимінде анықтауға, қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылауға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, Талғарда заманауи техникалық құралдармен жабдықталған жедел басқару орталығы іске қосылды. Орталық тәулік бойы мониторинг жүргізіп, патрульдік жасақтардың іс-қимылын үйлестіреді, түрлі қызметтер арасында ақпарат алмасуды жеделдетеді және төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге жағдай жасайды.

Жүзеге асырылып жатқан шаралар аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруға ықпал етуде. Бейнебақылау жүйелері орнатылғаннан кейін құқықбұзушылық көрсеткіші төмендеп, жол-көлік оқиғаларын алдын алу тиімділігі артқаны байқалуда.

Талғар ауданындағы бұл тәжірибе өңірдің өзге аумақтарында да кезең-кезеңімен енгізілмек. Облыс басшылығының мәлімдеуінше, мақсат – қауіпсіздігі жоғары, тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz