2022 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында МИФИ филиалы жұмыс істеп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған бұл оқу орны ядролық энергетика, радиациялық қауіпсіздік және қолданбалы физика бағыттары бойынша мамандар даярлайды. Оқыту үрдісіне Ресейден келген 23 профессор мен оқытушы қатысады, ал студенттер атом өнеркәсібі кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, Мәскеуде тағылымдамадан өтеді. Владимир Шевченконың айтуынша, Қазақстан ядролық саланы дамытуда білім, ғылым және өнеркәсіпті өзара байланыстыру арқылы кешенді тәсіл қолдануда.
Филиалда қазіргі таңда 125 студент пен 39 магистрант білім алуда. Сондай-ақ жоғары өнімді есептеу жүйелері бойынша алғашқы түлектерді даярлау аяқталды. Олардың басым бөлігі Қазақстанда жұмысқа орналасқан. МИФИ ректоры мұны қазақстандық еңбек нарығында ядролық сала мамандарына деген сұраныстың жоғары екенінің айғағы деп санайды.
Алматыдағы МИФИ филиалының дамуы – Қазақстанның жаңа ядролық энергетика бағытына дайындалуының нақты қадамы. Бұл бастама елдің технологиялық қауіпсіздігін күшейтіп қана





