Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының Бекдайырлар әулеті – «Мерейлі отбасы – 2025» жеңімпазы

Елордада өткен республикалық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үлгілі 20 отбасы қызыл кілеммен жүріп өтіп, құрмет төрінен орын алды. Отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл шарада жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биылғы байқауда Алматы облысының намысын Қарасай ауданы, Қаскелең қаласынан шыққан Бекдайырлар әулеті қорғап, үздік атанды. Бұл өнегелі жанұя ұлттық өнер мен дәстүрді бірнеше буын бойы жалғастырып келе жатқан еңбексүйгіш әулет ретінде танылды.

Әулет басшысы Қоңыр Бекдайыр — зергерлік өнердің шебері, күміс әшекей бұйымдарын жасаумен айналысады. Оның жұбайы Анаргүл Бекдайыр ұлттық киім тігу ісінің шебері ретінде танылып, қазақы нақыштағы киім үлгілерін заманауи сәнмен ұштастырып келеді. Ал олардың балалары да ата жолын жалғап, шығармашылық бағытты таңдаған.

«Бұл жеңіс – тек біздің отбасымыздың емес, ұлттық өнерді, дәстүрді, еңбекті құрметтейтін барша қазақстандықтардың ортақ қуанышы. Біз ата-баба жолын сақтап, ұрпаққа өнеге қалдыруды өзіміздің басты парызымыз деп білеміз», – дейді Қоңыр Бекдайыр.

«Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын ел ішінде үлгі тұтарлық әулеттерді анықтап, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеуді мақсат етеді.

Қолөнерді өмірлік мұраға айналдырған Бекдайырлар отбасының бұл жетістігі — Алматы облысының ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышы.

Жерлестеріміз – Бекдайырлар әулетін шын жүректен құттықтаймыз!

Олардың өнегелі еңбегі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі көпке үлгі болсын!

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz