Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жасаған жұмыс сапары барысында аймақтың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сапар барысында ол су құбыры жүйесі, тұрғын үйлер, мектеп және үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт сияқты маңызды нысандарды аралап, жобалардың мерзімі мен сапасына ерекше назар аударды.

Алғашқы нысан – Талғар қаласындағы магистральды су құбыры. Ол селден қорғау бөгетінен №2 учаскеге дейінгі аралықта салынуда. Ұзындығы шамамен 22,5 шақырым болатын жобаға жалпы 4,6 млрд теңге қарастырылған, оның 1,3 млрд теңгесі игерілген. Қазіргі таңда магистральды құбырды төсеу және резервуарлардың гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын. Алайда жобаны толық аяқтау үшін қосымша қаржы қажет. Нысанды аралау кезінде ішкі инженерлік желілерді қосу және зертханалық жабдықтарды жеткізу мәселелері қаралды. Облыс әкімі судың халық өміріндегі маңызын атап өтіп, жобаның мерзімінде және сапалы аяқталуының қажеттігін айтты.

Бұдан кейін Марат Сұлтанғазиев Талғар қаласында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Үш үй пайдалануға беріліп, пәтерлер қоныстануға дайын тұр: ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталып, сантехника мен жылу жүйелері орнатылған. Тағы екі үйдің құрылысы соңғы сатыда. Бұл жоба көптеген отбасы үшін көптен күткен баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін береді.

Сапар барысында өңір басшысы Еңбекшіқазақ ауданының Қойшыбек ауылындағы Asia Pets зауытына барды. Бұл кәсіпорын Mascot брендімен үй жануарларына арналған азық өндіреді. Мұнда 25 адам тұрақты жұмыс істейді. Өндіріс неміс технологиясына негізделген, ол ет қалдықтарын өңдеу арқылы өнімнің пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Зауыт директоры Руслан Иргебаевтың айтуынша, кәсіпорын кәдеге жарамайтын шикізатқа «екінші өмір» сыйлап, мыңдаған үй жануарының рационын толықтырып отыр. Алдағы уақытта қызметтік иттерге арналған өнім өндіру жоспарда бар.

Келесі бағыт – Есік қаласында бой көтеріп жатқан жаңа тұрғын үй кешені. Мұнда үш үй 60 пәтерден, тағы бір үй 40 пәтерден тұрады. Жалпы құны шамамен 3 млрд теңге болатын жобаның екі бөлігі игерілген. Құрылысты 2026 жылдың тамыз айында аяқтау көзделген.

Сапардың соңғы нысаны – Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектеп. 1938 жылы салынған ғимарат алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазір жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Құжаттық рәсімдердің кешеуілдеуіне байланысты нысанды тапсыру мерзімі шегерілгенімен, мердігерлер мектепті жыл соңына дейін аяқтауға уәде берді. Марат Сұлтанғазиев оқу сыныптарын және спорт залды аралап, мектеп ауласында волейбол және баскетбол алаңдарын салу жөнінде тапсырма берді.

Әр нысанда дайындық деңгейі, қаржыландыру көздері және қосымша қолдау қажеттілігі талқыланды.

Біз нақты нәтижеге бағытталған жұмыс істеуіміз керек. Әрбір жұмсалған теңгенің қайда кеткенін біліп, нысандардың уақтылы тапсырылуын бақылау қажет, – деді облыс әкімі.

Сапар қорытындысы бойынша тұрғын үйлердегі әрлеу жұмыстарын аяқтау, мектеп пен су құбырына қажетті жабдықтарды жедел жеткізу және барлық нысандардың іске қосылу кестесін нақтылау жөнінде тапсырмалар берілді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz