Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жастардың жаңа буыны: Қонаевта «Жас қадам» аймақтық форумы өтті

Қонаев қаласында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар мен жастар комитеті төрағаларының аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

“Жас қадам” деп аталған бұл форум екі күнге жалғасып, жастар саясатын дамыту мен жас буынның көшбасшылық қабілетін арттыруға бағытталды.

Басқосуға облыстың әр өңірінен жүзге жуық жас маман қатысты. Биылғы форумның басты тақырыптары — жастарды есірткіден сақтау, қауіпсіз цифрлық мәдениетті қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерін дамыту болды.

Алматы облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Алтын Темірғалиева өз сөзінде:

«2025 жыл – профилактика жылы болып жарияланды. Осыған орай біз жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, мектептерде дәрістер өткізіп жүрміз. Мақсатымыз – есірткінің зиянын түсіндіру және заң бойынша жауапкершілікті ескерту. Ең бастысы – алдын алу. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргіземіз», – деді.

Форум барысында қатысушыларға көпшілік алдында сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу және интернеттегі қауіпсіздік тақырыптарында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шаралар жастардың қоғамдық ортада сенімді әрекет етуіне ықпал етеді.

Шешендік өнер әдіскері Ержан Дәулетбаев:

«Бүгінгі біздің тақырыбымыз – шешендік өнер. Қалай анық сөйлеуге болады, аудиториямен байланыс орнату және сендіру тәсілдері туралы айтамыз. Мұнда жиналған жастар – өз өңірінің көшбасшылары. Олар ертең команда құрып, өз аймағын алға жетелей алады. Сол үшін біз көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға баса мән береміз», – деді ол.

Форум соңында белсенді жастар марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жиындар жастардың кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа бастамаларға шабыт береді.

Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Құндызай Ерғалиқызы өз әсерімен бөлісіп:

«Форумның атмосферасы ерекше болды. Екі күн бойы семинарлар мен ойындар арқылы тәжірибе алмастық. Осындай еркін форматтағы кездесулер жастардың өзара байланысын нығайтып, жаңа идеялар тудыруға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз», – деді.

Қатысушылар жаңа дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өз бойындағы көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Жас қадам” форумы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіліп, жастарды дамуға, белсенді өмір ұстанымына ынталандыруды жалғастыратын болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz