Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрондар шоуы өтті

Бүгін 25 қазан Республика күні Алматы облысында кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
25.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық

Есте қаларлық ерекше сәттердің бірі — өңірде бұрын соңды болмаған дрондар шоу болды.

Сағат 17:00-де басталған кешкі концерттің сәнін Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары келтірді. Кештің хедлайнерлері – белгілі орындаушылар Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиев болды.

Мерекенің басты кульминациясы – Алматы облысында алғаш рет ұйымдастырылатын ауқымды дрон-шоуы болды.

Бір мезетте көкке 550 дрон көтерілді.

Фото: Балнұр Асанова

Шоу шамамен 20 минутқа созылды. Онда Республика күні мен тарихи Декларацияға арналған жарық композициялар мен көріністер бейнеленді. Олар: Қазақстан картасы, мемлекеттік Ту, домбыра, Алтын адам, облыстың символы – қар барысы, сондай-ақ Республика күніне арналған логотип және Қапшағай су қоймасын бейнелеген өңірдің ерекше ашық хаты. Шоу соңында аспанда жарқыраған «Қонаев» жазуы пайда болып, мерекенің әсерін одан сайын арттырды. Әсерлі сәтті тамашалауға 15 000-ға жуық адам жиналды.

Облыс әкімдігі атап өткендей, Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларында өтуде. Облыс тұрғындары мен қонақтары отбасымен келіп, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

«Бүгінгі мереке көңілімізді көтеріп, рухымызды асқақтатты. Дрон-шоу өте әсерлі болды. Отбасымызбен осындай үлкен мерекенің куәсі болғанымызға қуаныштымыз. Осындай шаралар жиі өтсе екен», – дейді Қонаев қаласының тұрғыны Болат Сейдахметов.

Қонаевтықтар бұл күнді бірлік пен патриотизмді нығайтатын ерекше мереке ретінде қабылдап, мақтаныш сезімдерімен бөлісуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтардрондар шоуыРеспублика күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz