Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Оңтүстік Корея агросаладағы серіктестікті нығайтады

Алматы облысының әкімдігінде Оңтүстік Кореяның Санджу қаласынан келген делегациямен кездесу өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Басқосуда тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Әсіресе жылыжай шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын енгізу және өнімділікті арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өңірдің аграрлық әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, Алматы облысы заманауи технологияларды енгізуге және шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы өңір болып саналады.

Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өңірде бидай, арпа, күріш, қарабидай және сұлы сияқты 10-нан астам астық дақылдары, сондай-ақ күнбағыс, соя және сафлор өсіріледі. Сонымен қатар қант қызылшасы, картоп, көкөніс пен жеміс-жидек өндіру көлемі де жылдан-жылға артып келеді. Биылғы жылы егістік алқап 400 мың гектардан асты. Көкөніс пен жеміс-жидектің жалпы өнімі 35 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 75 пайызға көп болмақ.

Өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазір жалпы аумағы 80 гектарға жуық 50-ге тарта жылыжай кешені жұмыс істейді. Оның ішінде ірі өндірістік жылыжайлармен қатар шағын фермерлік нысандар да бар. Өткен жылы жылыжайларда шамамен 20 мың тонна өнім өндірілсе, биыл бұл көрсеткішті 35 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Мемлекет тарапынан да ауыл шаруашылығына қолдау күшейіп келеді. Шаруаларға тыңайтқыштардың құнының 60 пайызына дейін, ал тұқым шаруашылығында 70 пайызына дейін субсидия беріледі. Жабық топырақтағы дақылдардың элиталық тұқымдары мен гибридтерінің құнының 20 пайызы, жылыжай салу мен кеңейтуге кеткен шығынның 25 пайызы өтеледі. 2025 жылы осы бағыттарға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек.

Кездесу барысында тараптар өзара тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды пайдалану және өнім сапасын арттыру бойынша бірлескен жобаларды талқылады. Корей делегациясы күрделі климаттық жағдайларда тиімді шешімдерін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев Оңтүстік Кореямен әріптестік байланыстарды кеңейту өңірдің аграрлық саласын дамытуға, экспорттық әлеуетін арттыруға және халықаралық нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz