Оның ішінде 8 жоба пайдалануға беріліп, ауыл шаруашылығының жаңа бағыттарына серпін берді. Олардың қатарында сүт фермалары, қайта өңдеу зауыттары мен жылыжай кешендері бар.
Аталған жобалар ауылдық аумақтарда 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңір ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, қосылған құн үлесін арттыруға жол ашады.
«Әрбір жаңа жоба — қосылған құн мен жергілікті өңдеу үлесін арттыруға бағытталған. Инвесторларға барлық кезеңде қолдау көрсетіледі», — деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Ғалым Тоқпейісов.
Бүгінде облыстың агроөнеркәсіп саласы инвестициялық тартымдылығы жоғары бағыттардың біріне айналып отыр. Жаңа өндіріс орындары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының ашылуы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырып қана қоймай, өңірдің экономикалық әлеуетін күшейтуде.





