Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Республика күні қарсаңында Алматы облысының су мамандары жаңа техникаға ие болды

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысындағы «Қазсушар» РМК «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының мамандарына жаңа арнайы техниканың кілтін табыстады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазіргі таңда филиалдың техника паркі 47 жаңа бірлікпен толықты. Оның ішінде жүк көліктері, тракторлар, тартқыштар, экскаваторлар, мотоциклдер және басқа да жабдықтар бар. Жалпы филиалға барлығы 73 техника бірлігін беру жоспарланған. Ал республика көлемінде «Қазсушар» кәсіпорнының филиалдарына 757 дана жаңа техника жеткізілмек, оның 524-і бүгінде қолданысқа берілді.

Салтанатты рәсім барысында министр Нұржан Нұржігітов су шаруашылығы саласының үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалады.

«Жаңа әрі заманауи техника филиалдардың жұмыс тиімділігін және қауіпсіздігін арттырады. Министрлік ұсынған жабдықтар мен көліктер қазірдің өзінде гидротехникалық нысандарды жөндеу, салу және тазарту жұмыстарында қолданыс табуда. Біз еңбек жағдайын жақсартуға және су шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлеміз. Биыл «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістердің арқасында су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін артты. Сонымен қатар, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы бағдарламалар тұрақты түрде өткізіліп келеді», – деді министр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бұл қадамы суармалы егіншілікті дамыту мен ауыл шаруашылығын тиімді сумен қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Заманауи техника мен инфрақұрылымның жаңаруы еліміздің аграрлық әлеуетін арттырып, су ресурстарын ұтымды пайдалануға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz