Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жеміс өнімдерін қайта өңдеудің толық циклі жолға қойылды

Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында орналасқан «Керуен» агрофирмасы – жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеудің толық циклін жүзеге асыратын отандық кәсіпорындардың бірі. Мұнда алма өсіруден бастап дайын шырын мен джем өндіруге дейінгі барлық кезең бір жүйеге келтірілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

1999 жылы құрылған компания бүгінде бірнеше бағытта – медициналық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, коммерциялық нысандар салу және заңгерлік қызмет көрсету салаларында жұмыс жүргізіп келеді. Ал 2009 жылы компания құрамында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңа өндіріс іске қосылып, алманың түрлі сорттарын өсіру және оларды экологиялық таза өнімге айналдыру ісі жолға қойылды.

Заманауи қойма мен жоғары технологиялар

Неміс технологиясы негізінде салынған жеміс сақтау қоймасы 3,3 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы – 2200 тонна. Мұнда 11 сақтау камерасы орнатылған, олардың жетеуінде газдық ортаны реттеу жүйесі (РГС) бар. Бұл жүйе өнім сапасының ұзақ сақталуын қамтамасыз етіп, шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

«Керуен» компаниялар тобының бас директоры Тимур Асминкиннің айтуынша, аталмыш технология температура мен ылғалдылықты тұрақты ұстап тұру арқылы жемістің табиғи қасиеттерін сақтауға жағдай жасайды.
– Газдық ортаны реттеу жүйесі бактериялар мен саңырауқұлақтардың дамуын тежейді. Дұрыс концентрацияны сақтау арқылы өнімнің шығынын үш есеге дейін азайтуға болады. Сонымен қатар жемістің табиғи тығыздығы мен дәмі сақталып, сақтау мерзімі 9–12 айға дейін ұзарады, – деді ол.

Өнім сапасы мен экологиялық тазалық – басты назарда

Кәсіпорында Нидерланды мен Австрияда өндірілген заманауи құрал-жабдықтар орнатылған. Сағатына 2 тонна өнім өңдеуге қауқарлы сұрыптау желісі және Kreuzmayr компаниясының өндірістік желісі жеміс өнімдерін жоғары сапада өңдеуге мүмкіндік береді.

Зауыт жылына 900 мың литрге дейін тікелей сығылған шырын мен 500 тоннаға дейін повидло және джем өндіреді. Барлық өнім Vitamina брендімен нарыққа шығарылады.

Өндірісті толық қамтамасыз ету мақсатында компания өз күшімен 69 гектар жерге алма бағы отырғызған. Мұнда 100 мыңнан астам жеміс беретін ағаш өседі. Тамшылатып суару жүйесі қолданылып, еңбеккерлерге арналған тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандары салынған.

Экономика мен ауыл әлеуетін арттыруға үлес

Осылайша, «Керуен» агрофирмасы – шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі тұйық өндірістік циклді жүзеге асырып отырған өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда өндірілетін өнімдер экологиялық тазалығы, дәруменге бай құрамы және сапалы өңделуімен ерекшеленеді.

Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға, өңір экономикасын әртараптандыруға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz