Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әрбір екінші түлек – грант иегері, 27 түлек – Қытайда тегін білім алады

Алматы облысында 2025 жылғы бітіруші түлектердің жоғары оқу орындарына түсу науқанының қорытындысы шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биыл өңір мектептерін 17 940 түлек тәмамдап, олардың 7 681-і мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орындарына түсті. Бұл – әрбір екінші түлектің тегін білім алу мүмкіндігіне ие болғанын көрсетеді.

Мемлекеттік грант иегерлерінің ең көп саны Талғар ауданында тіркелген. Сонымен қатар жоғары нәтижелер Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында және Қонаев қаласында байқалды. Бұл өңірлерде жыл сайын түлектердің білім сапасы мен жоғары оқу орындарына түсу деңгейі тұрақты өсіп келеді.

Биылғы жылы ең көп грант педагогикалық мамандықтарға бөлінді — 1 440 түлек осы саланы таңдаған.
Келесі орында – медицина бағыты (770 түлек), одан кейін – аграрлық мамандықтар (543 түлек).
Қалған 4 928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша білім алуды жөн көрген.

Мұндай бағыттық таңдау жастардың еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, өз кәсібін саналы таңдауға ұмтылатынын көрсетеді. Облыс мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, түлектердің мамандық таңдаудағы жауапкершілігін арттырғаны байқалады.

Өңір әкімінің қолдауымен және Қытай Халық Республикасымен жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында 27 түлек Синьцзянь университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың ішінде Талғар ауданынан – 6, Іле ауданынан – 7, Қонаев қаласынан – 4, Еңбекшіқазақ ауданынан – 3, Қарасай ауданынан – 3, Жамбыл ауданынан – 2 және Алматы қаласынан – 2 түлек бар.

Бұл халықаралық бағдарлама – өңір жастарына әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашып отырған маңызды жоба. Ол түлектерге заманауи білім мен тәжірибені меңгеруге, сондай-ақ халықаралық деңгейде кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджет есебінен биыл облыс әкімінің 30 гранты бөлінді. Оның ішінде 17 грант – медицина саласына (соның ішінде 12 грант интернатураға, 5 грант бакалавриатқа), 7 грант – аграрлық зерттеу бағытына, ал 6 грант – педагогикалық мамандықтарға берілді. Бұл бастама өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға, ауыл мектептері мен медициналық мекемелерге, сондай-ақ аграрлық секторға білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Алматы облысы соңғы жылдары білім сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңарту және түлектерді кәсіби бағдарлау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде өңір түлектерінің жартысына жуығы мемлекеттік грант иегері атанып, аймақтың адами капиталының сапалы дамуына өз үлесін қосуда.

Қорытындылай келгенде, Алматы облысы жастар үшін білім мен даму мүмкіндігі мол аймаққа айналып отыр. Мемлекеттік және халықаралық гранттар, сондай-ақ аймақтық қолдау шаралары – өңір жастарының жарқын болашағына бағытталған сенімді инвестиция.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz