Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылуда

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл мәселе облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес тұрақты бақылауда тұр.

Жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау және жер қорын тиімді пайдалану — өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың басты басымдығының бірі.

2025 жылдың басынан бері жалпы көлемі 86,5 мың гектарды құрайтын 288 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде:

  • 11,7 мың гектар жер сот шешімімен, жалға алу шарттарын бұзу арқылы қайтарылса;
  • 74,8 мың гектар жер иелерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ерікті түрде мемлекетке өткізілді.

Қайтарылған жерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізілуде. Атап айтқанда:

  • 28,8 мың гектар жер конкурс арқылы жаңа пайдаланушыларға берілді;
  • 6,7 мың гектар аумаққа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл бағыттағы жұмыстың өңір экономикасы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті:

– Әрбір гектар жердің тиімді пайдаланылуы – өңірдің дамуы үшін аса маңызды. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару арқылы біз инвесторларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік аламыз, – деді өңір басшысы.

Маман пікірінше, мұндай шаралар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға, жердің құнарлығын сақтауға және жер қатынастары саласында ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да облыс әкімдігі мен тиісті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болмақ.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz