Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының оқушылары дрон бағдарламалау байқауында топ жарды

Астана қаласында 9–10 қазан күндері өткен «Дрондарды бағдарламалау – 2025» республикалық байқауында Алматы облысының жас өрендері озық өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2025
Жаңалықтар

Білім мен технологияның тоғысқан бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген жас бағдарламашы қатысып, өздерінің техникалық сауаттылығы мен жаңашыл ойлау қабілеттерін сынады.

Солардың ішінде Қарасай ауданы Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Бибосынов Аңсат ерекше дайындық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Дарынды оқушының жетекшісі — Тұрсымбекова Аружан.

Ал Талғар ауданындағы №46 жалпы білім беретін орта мектептің 8-сынып оқушысы Серікхан Еркежан өз жобасымен көзге түсіп, жүлделі үшінші орынды қанжығалады. Оның жетекшісі — Молдабекова Айдана Бауыржанқызы.

Байқау барысында қатысушылар дрондардың қозғалыс траекториясын бағдарламалау, автономды ұшу жүйесін құрастыру және нақты тапсырмаларды орындау секілді күрделі кезеңдерден өтті. Бұл сындар жас өрендердің логикалық ойлау қабілеті мен инженерлік дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, өңірде STEM-білім мен робототехника бағытындағы үйірмелер саны жылдан жылға артып келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс нәтижесінде облыс оқушылары халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге жетіп жүр.

Байқау жеңімпазы Бибосынов Аңсат өз әсерімен бөлісіп:

“Бұл жеңіс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Дрон бағдарламалауда әр ұсақ деталь маңызды екенін түсіндім. Болашақта осы бағытта тереңірек білім алып, еліміздің технология саласын дамытуға үлес қосуды армандаймын”, – деді ол.

Осындай табыстар – жас буынның ғылым мен техниканы игеруге деген ынтасының, ұстаздардың бағыт-бағдар берудегі еңбегінің және облыстағы білім беру жүйесінің жүйелі дамуының айқын көрінісі.

Жас бағдарламашыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі биіктерден көрінуіне тілектеспіз.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz