Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көкпек – Шонжы бағыты: Алматы облысында туризм мен көлікті дамытатын жаңа жол салынуда

Өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ірі жобалардың бірі – Көкпек – Шонжы автожолының орташа жөндеу жұмыстары қарқын алып келеді. Республикалық маңызы бар бұл жолдың 187–230 шақырым аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жолдың жалпы ұзындығы шамамен 85 шақырымды құрайды. Трасса бірнеше елді мекенді байланыстырып, өңірдің туристік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, Ұйғыр ауданындағы әйгілі Ыстық бұлақтар мен демалыс аймақтарына бару бағытындағы ең негізгі жол саналады.

Жоба көлік инфрақұрылымын жаңарту, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жол сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып отыр. Жөндеу барысында жол жабыны толық ауыстырылып, су ағызу жүйелері мен қоршаулар орнатылады, жол бойындағы белгілер жаңартылады.

Мамандардың айтуынша, жаңартылған жол өңір ішіндегі көлік ағынын жеңілдетіп, туристер мен жүк тасымалдаушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қатынасты қамтамасыз етпек.

Көкпек – Шонжы бағытындағы жолдың сапалы жөнделуі тек туризмге ғана емес, ауданаралық тауар айналымының артуына, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да оң ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа жол маңындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Алматы облысында жол-құрылыс саласына ерекше назар аударылып келеді. Өңірде ондаған жол учаскелері жөндеуден өтіп, жаңа бағыттар ашылды. Бұл өз кезегінде облыстың экономикалық белсенділігін арттырып, туризм мен логистика саласының дамуына серпін беріп отыр.

Көкпек – Шонжы автожолының жаңаруы – осы жүйелі жұмыстың айқын нәтижесі. Жобаның толық аяқталуы өңір тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы жол қатынасын қамтамасыз етіп, Алматы облысының көлік және туризм инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтермек.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz