Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стела орнатылды

Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндік қаны тамған ауылында еңселі стела орнатылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қастерлі домбырасы мен пәктік пен сұлулықтың символы саналатын аққу бейнеленген. Ескерткіш ұлы тұлғаның өнер мен ұлттық мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін ұлықтауға арналған.

Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, жиналған қауымға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын және алғысын жеткізді.

«Нұрғиса Тілендиевтің өнері – ұлттың мәңгілік рухани байлығы. Оның мұрасы – қазақ музыкасының айбары мен елдік рухтың айғағы. Туған жерінде осындай нышанды ескерткіштің бой көтеруі – ұлт тұлғасына деген құрмет пен ұрпаққа үлгі», – делінген әкімнің құттықтауында.

Шараға сондай-ақ ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар стела орнатылған алаңға ағаштар отырғызып, естелікке суретке түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш пен мәдениет үйі ашылған болатын. Сонымен қатар өңірдің өнерпаздары мен қолөнер шеберлері ұлы композитордың құрметіне арналған іс-шаралар аясында Пекин, Бішкек және Мәскеу қалаларында Қазақстан мәдениетін жоғары деңгейде таныстырды.

Жалпы, ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатқан Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы – қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген мәңгілік мұра. Оның туындылары ұлттық рух пен елдік санаға серпін беріп, ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz