Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының колледжі халықаралық деңгейде үздік деп танылды

2025 жылдың 4–9 қазан күндері аралығында түркітілдес елдер арасында өткен «TurkicSkills» атты бірінші халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына Алматы облысынан 20 маман қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Олардың қатарында сала сарапшылары, колледж директорлары мен олардың орынбасарлары, педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері бар. «TurkicSkills» чемпионаты — кәсіби-техникалық білім саласындағы үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді біріктіретін маңызды алаң. Шара барысында қатысушылар түркі елдерінің білім жүйесіндегі жаңа бағыттармен, тәжірибелермен және оқыту стандарттарымен танысты.

Чемпионат аясында республиканың 700 колледжі арасынан іріктелген үздіктер марапатталды. Солардың ішінде Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Үздік колледж» аталымына ие болып, еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі көшбасшылардың бірі екенін дәлелдеді.

Бұл марапат — өңірдің білім саласында инновациялық технологияларды енгізу, еңбек нарығына бейімделген мамандар даярлау және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында атқарылған жүйелі еңбектің нәтижесі.

Мамандардың айтуынша, мұндай халықаралық чемпионаттар кәсіптік білім сапасын арттырумен қатар, жастардың жаңа мамандықтарға қызығушылығын арттырып, ел экономикасына үлес қосатын жоғары білікті кадрлар даярлауға серпін береді.

Алматы облысының білім беру жүйесі алдағы уақытта да халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, үздік тәжірибелерді енгізуді жалғастырмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz