Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауызсумен қамту деңгейі 99,6 пайызға жетеді

Алматы облысында тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2025
Аймақ, Алматы облысы
Water tap. Photo from Finland.

Water tap. Photo from Finland.

Өңірде соңғы жылдары су инфрақұрылымын жаңарту мен ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған жүйеге қосу қарқынды жүзеге асуда.

Бүгінде облыстық маңызы бар Алатау және Қонаев қалалары, сондай-ақ аудандық маңызы бар Қаскелең, Есік, Талғар қалалары толықтай 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтылған.
Ал облыстағы 368 ауылдық елді мекеннің 344-і, яғни 93,5 пайызы таза ауызсуға қол жеткізіп отыр.

Қалған 24 ауылда (6%) жағдай әртүрлі:

  • 2 ауылда жаңа су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр;

  • 3 ауылдың тұрғындары жеке ұңғымаларды пайдаланып, орталық жүйеге қосылудан бас тартқан;

  • 11 ауылда бақылау-баланс тетіктерін (КБМ) орнату жоспарланған. Оның ішінде 4 нысан бойынша келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталып кеткен, ал 7 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

Тұрғындардың бас тартуына немесе халық санының аздығына байланысты 8 ауыл бағдарлама тізімінен шығарылған.

Өңірдегі су құбырларының жалпы ұзындығы 5 520 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2 886 шақырым желі ескіріп, жаңартуды қажет етеді. Су жүйелерінің тозу деңгейі – 52,2 пайыз.

Қазіргі таңда су сапасы санитарлық нормаларға сай, оған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департамент тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

2024 жылы ауызсумен қамту және су бұру жобаларына 28,9 миллиард теңге бөлінді. Ағымдағы жобаларды толық аяқтау үшін қосымша 24,1 миллиард теңге қажет.
Сонымен қатар, жалпы құны 34 миллиард теңгеге 18 жобалық-сметалық құжат әзірленсе, су бұру жүйелері бойынша 1,4 миллиард теңгеге жобалар дайындалуда.
Облыстық бюджет есебінен тағы 2 миллиард теңге қаражат бөлініп, 66 жобалық құжат дайындалып жатыр.

Барлық жоспарланған жобалар іске асқан соң 898 шақырым су желісі салынып және жаңартылып, тозу деңгейі 47 пайызға дейін төмендейді.
Нәтижесінде 2026 жылға қарай Алматы облысында ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамту деңгейі 99,6 пайызға жетпек.

Бұл – өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, ауылдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz