Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Ақ бидай» республикалық спорт ойындарының үздіктері марапатталды

Алматы облысының Қонаев қаласында республикалық «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2025
Аймақ

Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген екі мыңға жуық спортшы қатысты. Олар футбол, волейбол, дзюдо, жеңіл атлетика сияқты классикалық спорт түрлерінен бөлек, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ сынды ұлттық ойындар бойынша бақ сынады.

Жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан облысы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Күміс жүлде Алматы облысының спортшыларына бұйырса, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысы түйіндеді.

Марапаттау рәсімінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшылардың жоғары дайындық деңгейі мен табандылығын ерекше атап өтіп, Алматы облысының намысын абыроймен қорғаған 17 спортшы мен спорт ұйымдарының өкілдеріне Алғыс хат табыстады.

“Бұл ойындар – тек спорт мерекесі ғана емес, ауыл жастарының белсенді өмір салтын ұстануға, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған үлкен қозғалыс. Біздің спортшылардың жетістігі – бүкіл өңірдің абыройы”, – деді өңір басшысы.

Жүлдегерлер қатарында ұлттық спорт шеберлері, жаттықтырушылар мен спорт мектептерінің жетекшілері бар.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.

“Ойындарды өткізуге атсалысқан барлық федерациялар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Әкімнің Алғыс хатымен 17 адам марапатталды, оның ішінде федерация президенттері мен үздік спортшылар бар. Қалғандары басқарманың марапатына ие болады. Алматы облысы биыл жақсы нәтиже көрсетті. Келесі төртжылдықта Солтүстік Қазақстанда өтетін «Ақ бидайда» бірінші орынды иеленеміз деген сенімдеміз”, – деді ол.

«Ақ бидай» ойындары дәстүрлі түрде ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттырып, елдің әр өңірінде бұқаралық спортты дамытуға серпін беріп келеді. Қонаевтағы биылғы дода да сол дәстүрдің лайықты жалғасы болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылардың айтуынша, мұндай жарыстар ауыл спортын өркендетіп, жасөспірімдерге кәсіби спортқа жол ашады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz