Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында Совет шыңына көтерілген турист құтқарылды

Алматы облысының Қарасай ауданында Совет шыңына (биіктігі 4317 метр) көтеріліп бара жатқан туристтің қан қысымы күрт көтеріліп, шұғыл медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды alataunews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оқиға туралы хабар түскен бойда Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) және Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің мамандары дереу жолға шыққан. Құтқарушылар зардап шеккен азаматпен байланыс орнатып, оның нақты орналасқан жерін анықтаған. Сонымен қатар, оқиға орнына ТЖМ Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері жіберілді.

Құтқарушылар тауға көтеріліп, туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз аймаққа түсірді.

«Турист, 1992 жылы туған ер адам, «Эдельвейс» қонақүйіне дейін аман-есен жеткізілді. Қазіргі жағдайы тұрақты», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, операция құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы мен жедел әрекетінің арқасында сәтті аяқталған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тауға шығу алдында міндетті түрде өз денсаулығын тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектер мен алғашқы көмек құралдарын алу қажеттігін ескертеді.

«Таулы аймақтарда ауа райы күрт өзгеруі және дене жүктемесінің жоғары болуы денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан дайындықсыз шығу қауіпті», – делінген министрлік хабарламасында.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz