Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының рәміздерін жасауға байқау жарияланды

Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев қаласында қаланың ресми рәміздерін (елтаңба, ту, логотип) әзірлеуге арналған ашық байқау жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл бастама өңірдің тарихи келбеті мен мәдени ерекшелігін айқындайтын жаңа рәміздерді қалыптастыруды көздейді. Өтінімдер 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.

Байқау ережесіне сәйкес, рәміз жобасын әзірлеу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының элементтерін, сондай-ақ діни, рулық және тайпалық белгілерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Ұсынылатын эскиздер қоғамдық келісім мен бірлікті бейнелеуі, геральдикалық талаптарға сай болуы, ұлттық дәстүрлер мен өңірдің тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, байқауға жолданған жұмыстар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы қажет.

Жобалар бейне, көлемді модель немесе айқын бедері бар макет түрінде ұсынылады. Барлық жазбалар мен атаулар міндетті түрде қазақ тілінде берілуі керек. Авторлық құқықты бұзуға немесе плагиатқа жол берілмейді.

Байқауға Қазақстан азаматтары жеке немесе шығармашылық топтар ретінде қатыса алады. Ұлттық ою-өрнек пен этнографиялық элементтерді қолдануға рұқсат етіледі. Өтінімдер қазақ немесе орыс тілінде дайындалған жоба сипаттамасымен бірге қабылданады.

Құжаттар қағаз және электронды форматта Қонаев қаласының ішкі саясат бөліміне жолдануы тиіс.
Электронды мекенжай: ovp_qonaev@mail.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады:
? 8 705 543 54 77 (Төребеков Жеңіс Еркімбекұлы)

Бұл байқау Қонаев қаласының аймақтық бірегейлігін қалыптастырып, тұрғындардың тарихи-мәдени тамырын, табиғи сұлулығын және заманауи даму келбетін бейнелейтін жаңа рәміздерді дүниеге әкелуді мақсат етеді.

Жеңімпаздың жұмысы қала тарихының ажырамас бөлігіне айналып, жаңа Қонаевтың символына айналмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz