Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

Алматы облысында қазақ музыкасының асқар шыңы, халық композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Мерейтой ЮНЕСКО шеңберінде ұйымдастырылған мәдени бағдарлама аясында өткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мерекелік шара алдымен Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде өтті. Қатысушылар ұлы жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен күй атасы Нұрғиса Тілендиевтің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Кейін мерекелік жиын «Көкбастау» атшабарында жалғасты. Мұнда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, еңбек ардагері Ә. Абаев, сондай-ақ композитордың қызы Динара Тілендиева құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері — ақын және драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, сондай-ақ әр жылдары Алматы және Жамбыл облыстарының әкімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болған Серік Үмбетов қатысты.

Облыс әкімі өз сөзінде Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті:

«Нұрғиса Тілендиев – халқымыздың рухани қазынасын байытқан дара тұлға. Оның “Отырар сазы” оркестрін құруы – қазақ музыкасының алтын діңгегі. Ал әндері мен күйлері – ұлттың рухани айнасы. Бұл мерейтой тек өнер мерекесі ғана емес, ұлттық рухты жаңғыртқан ерекше сәт», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Іле ауданында жаңадан бой көтерген Мәдениет үйі мен орнатылған ескерткіштің де мерейтой шеңберіндегі маңызы ерекше аталды.

Салтанатты бөлімнен кейін Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Алматы облысының өнерпаздары ұлы сазгердің шығармашылығына арналған музыкалық кеш ұсынды. Кеш барысында «Өз елім», «Аққу», «Махамбет», «Жас қазақ» секілді халық жүрегінен орын алған туындылар орындалды.

«Көкбастау» атшабарында ұйымдастырылған Құнан, Топ және Аламан бәйгелерінде өңірдің жүйріктері сынға түсті. Жарыс жеңімпаздарына автокөліктер мен қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.

Бәйге нәтижелері

Құнан бәйге
? Бойтұмар (Жамбыл обл.) – Chevrolet Cobalt
? Қарагөз – 1 500 000 тг
? Шах – 1 000 000 тг

Топ бәйге
? Қалқаман (Абай обл.) – Changan Uni-Z
? Бірханым – 1 500 000 тг
? Найза – 1 000 000 тг

Аламан бәйге
? Жұмыртұяқ (Жетісу обл.) – Hyundai Tucson
? Сармат – Chevrolet Nexia
? Байқоңыр – 1 500 000 тг

Мерейтойлық шара ұлттық рухты көтерген, өнер мен дәстүрді тоғыстырған үлкен мәдени оқиға ретінде ел жадында қалды.
Ұлы тұлғаның мол мұрасы мен күй әлеміндегі өнегесі келер ұрпаққа шабыт беріп, Нұрғиса Тілендиев есімі қазақ мәдениетінің мәңгілік биігінде жаңғыра беретіні сөзсіз.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz