Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының мұғалімі Азияны таңдандырды

Алматы облысының Қонаев қаласында қарапайым мектеп мұғалімі бола жүріп, өзгеше өнерімен көпшілікті таңдандырып жүрген ерекше жан бар. Ол – Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, 14 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Ерзат Қажыбек.

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ерзат Қайырбекұлының қабілеті тек шәкірт тәрбиелеумен шектелмейді. Ол темірді майыстырып, медициналық грелканы ауызымен үрлеп жарып, жеңіл көлікті қозғалта алады. Сонымен қатар, әйнек пен шеге үстінде жалаңаяқ жүру, от жұту, денесін пышақпен кесу, темір жұту сияқты қауіпті трюктерді орындап, көпшіліктің назарын аударған. Бұл өнер оның дене күшінің ерекше екенін ғана емес, ерік-жігер мен табандылықтың айқын көрінісі екенін дәлелдейді.

2020 жылы Ерзат Қажыбек «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен «Asia Talent Show» бағдарламасына шақырылып, өз өнерін халықаралық деңгейде паш етті. Оның трюгі Азияның төрт елінде үздік үштікке енсе, Өзбекстан телеарнасында «ең үздік өнер» деп танылды.

«Барлығы дайындық пен еңбекпен келеді»

«Мұндай трюктерді қайталау аса қауіпті. Бұл өнерді арнайы дайындықтан өткен адам ғана жасай алады. Алдағы уақытта жаңа өнер көрсетіп, рекордтарымды жаңартуға тырысамын. Бәрі алда, аман болайық», – дейді ол.

Шәкіртке үлгі

Қарапайым мұғалімнің осындай жетістігі – шәкірттері үшін нағыз өнеге. Ерзат Қажыбек өзінің еңбегі мен қайраты арқылы жастарға табандылықтың, қажырлы еңбектің және алға ұмтылудың мәнін көрсетіп келеді.

«Білім беру ісіндегі адал еңбек пен өмірдегі қайсарлық бір-бірімен астасып жатыр. Егер еңбек пен жігерді ұштастырсаң, бағындырмайтын биік жоқ», – деп әрдайым шәкірттеріне жігер беріп отырады.

Салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, адамның мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеп жүрген Ерзат Қажыбек – Қонаев қаласының ғана емес, бүкіл ел жастары үшін үлгі тұтар тұлға.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz