Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Мұғалімдер күнімен құттықтады

Қазан айының алғашқы жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Ұстаз – елдің ертеңін тәрбиелейтін, болашаққа жол сілтейтін ұлы тұлға. Әр баланың жүрегіне білім мен тәрбие нұрын себетін Сіздердің еңбектеріңіз – баға жетпес байлық. Бүгінде еліміздің әрбір жетістігінде, ғылым мен техникада, әрбір іскер азаматтың тағдырында ұстаздың ізі жатыр», – деді аймақ басшысы.

Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі бастамаларын атап өтті. Президент: «Егер біз өркениетті ел болғымыз келсе, ең алдымен ұстазға жағдай жасауымыз керек», – деген болатын. Бұл сөздер білім беру саласына жан-жақты қолдау көрсетудің маңызын айқындайды.

Бүгінде Алматы облысында 443 мемлекеттік мектепте 359 мыңнан астам бала білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 7164-ке артқан. Бұл – облыстағы демографиялық өсім мен білім беру жүйесінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы Түркістаннан кейінгі оқушы саны көп өңірлердің қатарында. Мәселен, Түркістан облысында 466 мыңнан астам оқушы болса, Алматы қаласында – 310 мың, Астанада – 252 мың, Жамбыл облысында – 224 мың бала білім алып жатыр.

Алматы облысының әкімі ұстаздар қауымына жас ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдірді.

«Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең үлкен инвестиция», – деді ол.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz