Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шарында Қызыл кітапқа енген орман қарақасы бейнекамераға түсті

Алматы облысындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануар – орман қарақасы (Dryomys nitedula) бейнекамераға түсіп қалды. Бұл туралы парк өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Қызыл кітапқа енген жануарды кездестіру – табиғаттың бізге берген ерекше сыйы. Мұндай сәттер табиғатты қорғау мен сақтаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдейді», – деп жазды ұлттық парк қызметкерлері.

Орман қарақасы – ТМД аумағындағы монотипті туыстың жалғыз өкілі. Қазақстанда бұл жануардың ареалы жылдан-жылға қысқарып келеді. Сол себепті ол еліміздің Қызыл кітабына 3-санат бойынша енгізілген. Сонымен қатар, Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде де сирек түр ретінде көрсетілген.

Мамандардың айтуынша, орман қарақасын сақтау үшін оның таралу аясын жан-жақты зерттеу, санын бақылау және мекен ету ортасын қорғау шаралары қажет.

Орман қарақасы негізінен ормандар мен бұталы тоғайларда тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабында ол «Д» санатымен енгізілген, яғни жеткілікті зерттелмеген әрі жойылып кету қаупі бар түр саналады. Бүгінде жануарға төнетін негізгі қауіптер – табиғи ортаның бұзылуы, браконьерлік және климаттың өзгеруі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz