Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Еңбек күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялаған болатын, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қоғамдағы қарапайым жұмысшылардың еңбегін дәріптеу мақсатында қабылданған маңызды шешім.

Осыған орай, биыл 19 қыркүйекте Талғарда Еңбек күніне арналған салтанатты шара өтті. Аймақтық деңгейде ұйымдастырылған бұл мереке Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Шараға облыстың барлық ауданынан еңбек ұжымдары, еңбек ардагерлері, сондай-ақ «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Салтанатты жиын барысында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев құттықтау сөз сөйлеп, еңбек адамдарына жылы лебізін айтты.

“Еңбек күні – қарапайым адамның адал еңбегіне, сабырлығы мен табандылығына деген құрметтің бейнесі. Қадірлі еңбек адамдары – сіздер біздің отбасыларымыздың, аудандарымыздың және бүкіл Алматы облысының берекелі өмірінің негізін қалайсыздар”, — деді ол.

Мереке барысында әртүрлі номинациялар бойынша “Еңбек жолы” және “Парыз” байқауларының жеңімпаздары марапатталып, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ұжымдары мен жұмысшылар алғыс хаттар мен дипломдарға ие болды.

Атап айтқанда, «Еңбек жолы» байқауының “Үздік еңбек әулеті”, “Өндірістің үздік жас маманы” және “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” сияқты маңызды номинацияларында озық шыққандар марапатталды. Ал «Парыз» байқауында әлеуметтік жауапкершілік, ұжымдық келісімшарттар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында үздік шыққан кәсіпорындар мен ұйымдар атап өтілді.

Бұл күні өңірде жастарға арналған бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Соның ішінде «Керуен» жобасы мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған облыс әкімдігі мен басқарма өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждер, ірі кәсіпорындар, сондай-ақ Павлодар және Алматы облыстарының еңбек мобильділігі орталықтары қатысты. 25 қыркүйекте облыста еңбек ардагерлері мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің қатысуымен TED форматындағы облыстық конференция өтті.  Жастарға кәсіби бағыт-бағдар беруді мақсат еткен «Менің мамандығым – менің болашағым» флешмобы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, студенттер қолөнер, тағам өндірісі, электр жабдықтары, дәнекерлеу ісі, IT және тігін өндірісі бойынша көрме өткізіп, шеберлік сабақтарын ұсынды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматы облысында жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту және олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, 33 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен 37 ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл шараларға 508 жұмыс беруші, 3 008 жұмыс іздеуші, сондай-ақ 761 мектеп оқушысы мен 727 студент қатысты.

 

 

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz