Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұқым сапасын бақылауға арналған цифрлық жүйе іске қосылды

24 қыркүйекте Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды жаңа бастама жүзеге асты. ҚР Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шара барысында ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев тұқым сапасының өнімділікке тікелей әсерін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімділігінің деңгейі әлі де төмен болып отыр.

«Соңғы 10 жылдағы талдау нәтижелері көрсеткендей, табиғи-климаттық жағдайы бізге ұқсас Канадада астық дақылдарының орташа өнімділігі 28 пайызға өсіп, гектарына 38 центнерге жетті. Ал Қазақстанда өсім небәрі 6 пайызды құрап, гектарына 12 центнер деңгейінде қалып отыр. Бұл жағдайдың басты себептерінің бірі – сапасыз тұқымдарды пайдалану. Сондықтан енгізіліп отырған цифрлық бақылау жүйесі салада тәртіп орнатып, оны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», – деді ол.

Өңірлік сұраныс пен отандық өндірістің мүмкіндігі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріне тоқтала отырып, сапалы тұқымға деген сұраныстың толық қамтамасыз етілмей отырғанын айтты.

«Биыл облыста күріштің өнімділігі гектарына 52 центнерге жетті. Бұл орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Дегенмен шаруаларға 62 мың тонна тұқым қажет, ал жергілікті өндіріс небәрі 2 мың тонна көлемінде ғана қамтамасыз етіп отыр. Сол себепті отандық селекцияны дамыту және цифрлық бақылауды енгізу біздің өңір үшін стратегиялық басымдық болып қала береді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Жүйенің артықшылықтары

Жаңа цифрлық жүйе тұқым айналымының барлық кезеңін – сорттың әзірленуінен бастап шаруашылықта пайдалануға дейінгі үдерістердің толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жалған есеп беруді болдырмай, заңсыз субсидия алу жағдайына жол бермейді. Сондай-ақ сорт авторларына әділ роялти төлемдерін кепілдейді.

Кең ауқымды қатысу және болашақ жоспарлар

Таныстыру семинарына ҚР ҰҒА басшылығы, Алматы облысының әкімдігі, ғалымдар, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, ФАО сарапшылары, агробизнес субъектілері және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Жаңа бастама ауыл шаруашылығындағы сапа стандарттарын көтеріп, отандық агросекторды цифрландыру арқылы әлемдік деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz