Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қала күніне орай «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсауы кесілді

Қонаев қаласында шаһардың 55 жылдық мерейтойы аясында бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде Қонаев қалалық мәдениет үйінде өткен «Қонаев әуендері» ансамблінің алғашқы концерті ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл күні сахна төрінде қазақ музыкасының классиктері – әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы және көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы да қатар аталып өтті. Кеш барысында «Қайрат», «Аққу күйлері», «Құстар қайтқанда», «Куә бол», «Алатау» сияқты көпшілікке кеңінен танымал туындылар шырқалып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Сонымен қатар би қойылымдары мен аспаптық орындаулар көпшіліктің зор ықыласына бөленді.

Қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков жаңа шығармашылық ұжымның ашылуы қаланың мәдени өмірінде елеулі оқиға екенін атап өтті.

«Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесін иеленгелі бері түрлі ауқымды шаралар өткізілуде. Бүгінгі кештің орны ерекше. «Қонаев әуендері» ансамблі құрамында әншілер, бишілер, күйшілер және түрлі аспаптарда ойнайтын өнерпаздар бар. Бұл ұжым алдағы уақытта қала мен өңірдің мәдени дамуына үлес қосып, мерекелік іс-шаралардың көркін ашады», – деді ол.

Мерекелік шараға келген қала тұрғындары да өз қуаныштарымен бөлісті.

«Биыл қазақ руханияты үшін айтулы жыл. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы сияқты мерейлі даталармен қатар қаламыздың 55 жылдығын тойлап жатырмыз. Осы маңызды күндерде жаңа ансамбльдің құрылуы – біз үшін үлкен қуаныш. Қала халқын мерейтоймен құттықтаймын», – деді қала тұрғыны Айбек Ережеп.

Айта кетейік, Қонаев қаласының 55 жылдығына арналған мерекелік шаралар 22 қыркүйектен бастап алты күн бойы жалғасады. Бұл күндері спорттық жарыстар, мәдени және танымдық кездесулер, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz