Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәресіне жетті

Алматы облысында 11–21 қыркүйек аралығында өткен VIII республикалық ауыл спорт ойындары «Ақ бидай – 2025» өз мәресіне жетті. Он күнге созылған ауқымды спорттық додаға қатысушы өңірлердің делегациялары, төрешілер, ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар қатысып, қорытынды шара мерекелік жағдайда өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ұлттық дәстүр мен заманауи спорттың тоғысы

Ойындар бағдарламасында ұлттық спорт түрлері мен заманауи жарыстар кеңінен қамтылды.
Әсіресе, қазақ халқының көне зияткерлік ойыны – тоғызқұмалаққа айрықша назар аударылды. Бұл ойын жиі «дала шахматтары» деп аталады.
Тоғызқұмалақ турнирі Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Мәдениет үйінде өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген ондаған спортшы өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық дәстүрді насихаттады.

Ауқымды спорттық дода

Биылғы ойындарға 17 команда қатысып, 2000-нан астам спортшы бақ сынады.
Жарыс бағдарламасына 20 олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрі енді.
Дода Қонаев қаласында, сондай-ақ Талғар, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында ұйымдастырылды.

РГКП «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы» директоры Қайрат Пазылбек жарысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, ауыл спортының дамуы аймақтық спорт инфрақұрылымын жетілдіруге серпін беретінін атап өтті:

«Бұл жарыстар – тек күш пен шеберлікті сынау ғана емес, ұлттық дәстүрді сақтап, өңірлер арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді. Мұндай ауқымды іс-шаралар туризмді дамытып, халық денсаулығын нығайтуға және спорттық инфрақұрылымды жақсартуға жол ашады», – деді ол.

Алматы облысы – үздік үштікте

Медальдар қорытындысы бойынша:

  • I орын – Түркістан облысы,

  • II орын – Алматы облысы,

  • III орын – Батыс Қазақстан облысы.

Алматылық спортшылар аламан бәйге, топ бәйге, аударыспақ, жамбы ату, көкпар, құсбегілік, теңге ілу, қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, армрестлинг және үстел теннисі сияқты спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетті.

Алматы облысы командасының капитаны Жасұлан Қалиақпаров жүлделі орынға қол жеткізудің басты сырымен бөлісті:

«Біз үшін «Ақ бидай» – жылдың басты оқиғасы. Жарысқа бірнеше ай дайындалдық. II орынға жетуіміз – спортшылардың мықты командалық рухының, Алматы облысы басшылығы мен жанкүйерлердің қолдауының арқасы. Бұл ойындардың ерекшелігі – ұлттық спорт түрлерінен бастап заманауи жарыстарға дейін қамтылуы. Осы арқылы ұрпақтар сабақтастығы сақталады: аға буын дәстүрдің жалғасып жатқанын көрсе, жастар ата-бабасының мәдениетін спорт арқылы таниды», – деді ол.

Келесі ойындар – Солтүстік Қазақстанда

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, келесі республикалық ауыл спорт ойындары төрт жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.

«Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары ауыл спортының дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және еліміздің спорттық дәстүрлерін нығайтуға үлкен үлес қосты.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz