Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсері сақталады. Соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
18-19 қыркүйекте еліміздің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, күшті жел соғады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Тек батыс және солтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Сонымен қатар, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасы бойынша болжам:
Батыста: түнде +5…+13°-тан +10…+18°-қа дейін көтеріледі, күндіз +22…+28°-тан +18…+23°-қа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста: түнде +1…+10°, аймақтың батысы мен солтүстігінде 2° үсік күтіледі, күндіз +18…+25°.
Солтүстікте: түнде +2…+10°, батыс және солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз +14…+20°-дан +17…+23°-қа дейін көтеріледі.
Орталықта: түнде +5…+11°-тан +0…+8°-қа дейін төмендейді, кей жерлерде 2° үсік, күндіз +10…+18°-дан +15…+25°-қа дейін көтеріледі.
Шығыста: түнде +2…+13°, күндіз +15…+23°-тан +10…+18°-қа дейін төмендейді.
Оңтүстікте: түнде +7…+15°, күндіз +20…+28°.
Оңтүстік-шығыста: түнде +8…+14°, күндіз +15…+25°.
Синоптиктер қыркүйектің ортасында ауа райы құбылмалы болатынын, кейбір өңірлерде күзгі суықтың ерте сезілуі мүмкін екенін ескертеді.





