Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының агроэкспорты екі жылда 1,5 есеге артты

Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін жыл сайын ұлғайтып отыр. Бұл көрсеткіш өңір агросекторының әлеуеті артып, шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіре бастағанының айқын дәлелі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ресми деректерге сүйенсек, 2022 жылы облыстан шетелге 249,6 миллион АҚШ долларына тең агроөнім жөнелтілсе, 2024 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 397,2 миллион долларға жеткен. Яғни небәрі екі жыл ішінде экспорт көлемі 1,5 еседен астам өсіп, 147,6 миллион долларға артқан.

2025 жылдың алғашқы алты айында шетелге 226,3 миллион доллардың өнімі экспортталды. Сарапшылардың болжамынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден де асып түсуі әбден мүмкін.

Мамандардың пікірінше, экспорт көлемінің артуына бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, өңірде сапалы өнім өндіру, қайта өңдеу кәсіпорындарының дамуы және сыртқы нарықпен тиімді байланыс орнату жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Бұған қоса, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар да оң ықпалын тигізіп отыр.

Бүгінде Алматы облысы ет, құс еті, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін экспорттау бойынша алдыңғы қатарға шыққан. Табиғи-климаттық жағдайының қолайлығы мен шаруалардың еңбексүйгіштігі өңірдің аграрлық өнімдерін шетелдік нарықта жоғары сұранысқа ие етуде.

Агроэкспорттың ұлғаюы — тек экономикалық пайдамен шектелмейді. Бұл ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, фермерлер табысының көбеюіне және өңірлік экономиканың нығаюына зор ықпал етіп отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz