Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Кеген ауданында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданына жасаған жұмыс сапары аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналып салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын көріп қайтты. Жоба инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Құрылыс нысанында Кеген ауданының әкім орынбасары Медет Исаев аймақ басшысына атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық баяндады. Оның айтуынша, құрылыс биыл сәуір айында басталған. Бүгінде жұмыстың 75 пайызы орындалды. Үйлердің қабырғасы көтеріліп, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрбір баспананың жалпы аумағы – 68 шаршы метр, жер телімі – 5 сотық. Жоба бойынша үйлер үш бөлмелі, заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатыр.

Әкім жаңа баспананы аралап көріп, сапасына жоғары баға берді.

“Үй әдемі, сапалы әрі заманауи тұрғыда салынған. Мұндай игі іс халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен сеп болады”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Мердігер компания «Компания Строй Индустрия» ЖШС-нің директоры Самат Ахман  да өңір басшысының бастамаларына назар аударылғанын атап өтті.

“Әкім мырза, бір сөзіңізде үйлердің жабыны біркелкі емес, әртүрлі стильде болсын деген едіңіз. Соған сәйкес жобада заманауи, хайтек элементтері пайдаланылды. Әр үй өзіндік ерекшелікке ие болды”, – деді Самат Ахман.

Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі біртіндеп азайып келе жатқанын айтты.

“Бұған дейін ауданда тұрғын үй кезегінде 540 адам тұрған болатын. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 380-ге дейін төмендеді. Жаңа үйлер пайдалануға берілген соң, бұл көрсеткіш одан әрі қысқарады деп күтіледі”, – деді ол.

Жаңа баспаналар қолданысқа берілгеннен кейін әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарып, ауылдың келбеті де жаңара түспек. Бұл жобалар мемлекет пен жеке инвесторлар арасындағы тиімді әріптестіктің үлгісі болып отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz