Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды

Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға журналистер, депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кәсіпорын директоры Батурин Абдримов жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасап, 2021–2025 жылдарға арналған жалпы құны 173,2 млн теңге инвестициялық бағдарлама бекітілгенін жеткізді. Оның ішінде 2024 жылға 39,4 млн теңге қарастырылған.

Бағдарлама аясында Қонаев қаласының 1-ші шағын ауданында ұзындығы 2,5 шақырым болатын төмен қысымды газ тарату желілерінің құрылысы толық аяқталды. Пайдалануға берілген нысан нәтижесінде 2 271 тұтынушы газға қол жеткізді. Оның ішінде 1 680 абонент қазірдің өзінде қосылған.

Биылғы жылы да көгілдір отын жеткізу жұмыстары жалғасуда. Жалпы құны 38,1 млн теңгелік жоба шеңберінде №18 шағын ауданда ұзындығы 2,2 шақырымдық кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Жоба аяқталғаннан кейін тағы да 2 мыңнан астам тұтынушы табиғи газға қосылмақ.

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған өңірлік инфрақұрылымдық бағдарламалардың нақты нәтижесі болып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz