Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мәскеуде Алматы облысының қатысуымен бизнес-форум өтті

Инвестициялар, цифрлық технологиялар және туризм Мәскеуде Алматы облысы делегациясының қатысуымен өткен бизнес-форумның негізгі тақырыптары болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазақстандық тараптың сапары Мәскеу Ситуациялық орталығын аралаудан басталып, онда тараптар мегаполисті цифрлық басқару саласындағы заманауи шешімдермен танысты.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев жиналғандарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы баяндады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ірі инвестициялар тартуға айрықша назар аударғанын атап өтті.

Форум аясында сауда-экономикалық байланыстар мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, цифрлық трансформация мәселелері, шағын және орта бизнесті қолдау бағыттары талқыланды. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша Мәскеудің ірі бес серіктесінің қатарына кіреді. 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 9 млрд АҚШ долларына жеткен. Мәскеу қаласы Үкіметінің өкілдері Қазақстанмен жоғары технологиялар мен креативті индустрия саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

Мәскеу қаласы Үкіметінің министрі Сергей Черёмин Ресей астанасының инвестициялық әлеуетін айрықша атап өтті:
«Мәскеу жалпы ішкі өнім көлемі бойынша Ресей Федерациясының локомотиві болып қала береді. Бұл шамамен 400 млрд АҚШ долларына тең. Бұл көрсеткіш орташа еуропалық елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Астана шетелдік инвестициялар үшін тек Орталық Ресейде ғана емес, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде де тартымды хаб болып отыр», — деді ол.

Қазақстандық тарап цифрлық технологиялар саласындағы табысты жобаларды таныстырды. Олардың қатарында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ Алматы облысының «цифрлық егіз» жобасы бар. Бұдан бөлек, Қонаев қаласында орналасқан Alatau Hub инновациялық орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.

Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл өз сөзінде:
«Бізде барлық салықтық жеңілдіктер қарастырылған арнайы жағдай бар. Егер компания дивидендінің 1%-ын зерттеулер мен жаңа технологияларды дамытуға жұмсаса, толық салықтық жеңілдіктер беріледі. Басты мақсатымыз – инвестициялар тарту, технологиялар мен адами капиталды дамыту және облыстың инновациялық экожүйесін нығайту», — деді.

Форумда туризмді дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Мәскеу билігі өзара туристік бизнес-миссияларды ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді. Қазақстандық тарап өңірдің бай туристік әлеуетін таныстырды. Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы үш ұлттық парк — Көлсай, Іле-Алатау және Шарын шатқалы, сондай-ақ тау-шаңғы курорттарының мүмкіндіктерін атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын Алматы облысына 135 мыңнан астам шетелдік турист келеді, олардың шамамен 30 пайызы Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінен.

Форум ұйымдастырушыларының пікірінше, Мәскеумен тәжірибе алмасу екіжақты әріптестікке тың серпін беріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Айта кетейік, биылғы күзде Астана мен Алматыда «Мәскеу күндері» өтеді деп жоспарлануда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz