Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Үшінші АЭС құрылысын қазірден жоспарлауымыз керек

Президент Жолдауында екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беру керектігін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2025
Жаңалықтар
Nuclear power plant with yellow field and big blue clouds.

Nuclear power plant with yellow field and big blue clouds.

«Қазір біз қуат көздерін жан-жақты жаңғыртып жатырмыз. Шетел инвесторларының қатысуымен ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мысалы, алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Бұл қадам еліміздегі жасыл энергияның үлесін едәуір арттырады.

Бірақ, Қазақстанның түпкі мақсаты – қуат көздерін өзгерту емес. Бұл – ең алдымен еліміздің энергия жүйесінің нақты мүмкіндігі мен мемлекетіміздің ұзақмерзімді мүдделеріне негізделген тұрақты даму жолы.

Осы орайда, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұруымыздың мән-маңызы айрықша. Бір ай бұрын Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына қатысты жоба «Росатоммен» бірге жүзеге асырыла бастады. Бірақ экономиканы тұрақты дамыту үшін бұл жеткіліксіз. Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек.

Жақында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуде елдеріміздің атом саласындағы стратегиялық серіктестігі туралы уағдаластыққа қол жеткіздік.

Қазақстан әлемдік компаниялардың бәрімен өзара тиімді байланыс жасауға дайын. Бұл ұстаным еліміздің энергетикалық дербестігін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатына сай келеді.

Қазақстанның сапалы көмір қоры орасан. Сондықтан оның табиғатты ластамайтынына кепілдік беретін озық технологияларды қолдана отырып, көмір энергетикасын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Өзіміздің табиғи артықшылықтарымызды ел игілігіне дұрыс пайдалана білу керек», — деді Президент.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта шегірткеге қарсы күрес күшейді: биыл 11 мың гектардан астам жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Алматы облысында 360 мыңнан астам оқушы бір мезетте ағаш дәнегін екті

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төлем берілді

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz