Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында орман қоры ұлғаюда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде қолға алынған 2 миллиард ағаш отырғызу бастамасы – Қазақстандағы ең ірі экологиялық жобалардың бірі. Осы ауқымды шара аясында Алматы облысында орман қорын кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.09.2025
Аймақ

Өңірде 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданып, 23 800 гектар аумаққа 52,6 миллион ағаш отырғызу көзделген. Соңғы төрт жыл ішінде 552,2 гектар жерге 2 миллион 740 мың көшет отырғызылды. Бұдан бөлек, 16 600 гектар аумаққа қара сексеуіл тұқымы себіліп, шығымдылығы 34,5 миллион данаға жетті. Нәтижесінде жоспарланған жұмыстар 100 пайыз орындалды.

Биылғы жоспарға сәйкес 2 430 гектар жер орман екпелерімен толықтырылмақ. Көктемде 80 гектарға 564,7 мың көшет отырғызылса, күзде 2 350 гектар аумаққа 11 750 килограмм қара сексеуіл тұқымын себу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 2 005 гектары дайындалған. Жылдық жоспар толығымен жүзеге асқан жағдайда, облыстағы ормандылық деңгейі 15 пайыздан 15,2 пайызға дейін артады. Салыстырар болсақ, республика бойынша бұл көрсеткіш 5 пайыздан 5,2 пайызға өседі.

Орманды қалпына келтіруге облыстың орман шаруашылығы мекемелері толыққанды отырғызу материалдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда жалпы аумағы 129,9 гектар болатын 2 тұрақты және 10 уақытша тұқымбақ жұмыс істеп тұр. Мұнда 4,7 миллионға жуық қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты көшет өсірілуде.

Әрбір егілген ағаш – табиғатқа тағзым, болашаққа аманат. Сондықтан Алматы облысының орманшылары үшін бұл жұмыс – күнделікті міндет қана емес, келер ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz