Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Пхёнтхэк қаласының мэрімен Қонаевта кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласының мэрі Чан Чан Сон Қонаевта кездесіп, іскерлік әріптестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесудің басында аймақ басшысы сапардың екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз көптеген салада сенімге негізделген шынайы әріптестік орнатты. Өткен жылдың маусым айында Корея Республикасының Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Сондай-ақ елдеріміздің көшбасшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікке бейілділігін растады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкім облыстың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырды. Оның айтуынша, Алматы облысы – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен туризмнің ірі орталығы, қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасы рекордтық өсім көрсетіп, жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша ел рейтингінде 10-орыннан 5-орынға көтерілген.

Облыста кореялық капиталдың қатысуымен бірнеше кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Соның ішінде KT&G компаниясы 80 млрд теңгеден астам инвестиция салып, 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашқан ірі жоба жүзеге асырды. Болашақтағы бірлескен бастамалар үшін Алатау жаңа қаласының индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағы ұсынылды.

Марат Сұлтанғазиев инновациялар мен тұрақты даму бағытындағы жобаларға да тоқталды. Облыста баламалы энергетика саласы белсенді дамып, жел және су электр станциялары жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда ғылым, білім және жоғары технология орталығына айналатын академиялық қалашықтың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кешенінде кореялық технологиялар негізінде «ақылды жылыжай» жобасы іске асырылуда. Бұл жылыжайда құлпынай өсірілуде.

Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарға да ерекше мән берді. Өңірде 7,4 мыңнан астам этникалық кәріс тұрады. Олар Алматы облысының дамуына үлес қосып қана қоймай, Қазақстан мен Корея арасындағы достықтың «тірі көпірі» болып отыр.

Кездесу соңында Қонаев пен Пхёнтхэк қалалары арасында достық қатынастар мен экономикалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

Алматы облысының әкімі жаңа құжат ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестіктің берік негізіне айналатынына сенім білдірді:

«Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түсетініне кәміл сенемін. Алматы облысы мен Пхёнтхэк қаласы арасындағы достық Қазақстан мен Корея арасындағы серіктестікті дамытуға лайықты үлес қосады деп ойлаймын», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz