Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Конституция күні: Қонаевта 42 отбасы баспаналы болды

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай Қонаев қаласында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

алтанатты іс-шара барысында көпбалалы отбасыларға, ата-анасынан айырылған балаларға және әлеуметтік жағынан осал топ өкілдеріне арналған 42 пәтер тапсырылды.

Пәтер кілттерін қала әкімі Асхат Бердіханов табыс етті.

«Алдағы жылдары Қонаевта жалпы аумағы 161 мың шаршы метрді құрайтын 72 тұрғын үй бой көтермек. Құрылыс қарқынының жоғары болуының арқасында тұрғын үй кезегі жылдам жылжуда. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері 193 отбасы баспаналы болды, оның ішінде тек биыл – 108», – деді шаһар басшысы.

Әкімнің мәлімдеуінше, «Қарлығаш» шағынауданында көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға 18 үй берілсе, тағы 24 пәтер кезектегілерге үлестірілді. Осылайша тек Конституция күні 42 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 200-ден асады деп күтілуде.

Жаңа пәтер иелерінің арасында екі мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған қала тұрғыны Динара Таурбаева да бар. Ол бірнеше жыл бойы кезегін күткенін айта келе:
«Қуанышымызда шек жоқ. Еліміз берік болып, Конституциямыз бірлік пен үміттің нышаны бола берсін», – деп өз ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, жаңа үйлер кейіннен сатып алу құқығымен беріледі. Алғашқы жарнаны төлегеннен кейін тұрғындар жылжымайтын мүлікті өз атына рәсімдей алады. Бүгінде Қонаевта 3,8 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Пәтер алуға өтініш беру үшін «Отбасы банкінің» филиалына жүгіну қажет.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz