Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мереке қарсаңында 17 жаңа нысан пайдалануға берілмек

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Алматы облысында мерекелік іс-шаралармен қатар, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоспарға сәйкес, өңірде 17 жаңа нысан ашылады. Оның ішінде 11 заманауи мектеп, медициналық пункт, мәдениет үйі, халыққа қызмет көрсету орталығы, екі өндірістік кәсіпорын және электр желілерін жаңғырту жобасы бар.

Жалпы сыйымдылығы 300-ден 600 орынға дейінгі мектептердің іске қосылуы өңірдегі оқушы орындарының тапшылығын айтарлықтай азайтады. Ал ауылдық елді мекенде салынған медициналық пункт тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етеді. Жаңа мәдениет үйі халықтың шығармашылық бастамалары мен қоғамдық өміріне серпін бермек. Сонымен қатар автокомпоненттер шығаратын өндірістік кешен мен логистикалық қойманың ашылуы жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады.

«Конституция – тұрақтылық пен дамудың негізгі тірегі. Бұл мерейтойды біз тек мерекелік іс-шаралармен ғана емес, нақты істермен қарсы алып отырмыз. Жаңа мектептер, медициналық және мәдени нысандардың ашылуы – өңірдің болашағына қосылған зор үлес», – деп атап өтті Алматы облысының ішкі саясат басқармасында.

Мерейтой аясында инфрақұрылымдық жобалардан бөлек, өңірде түрлі дөңгелек үстелдер, көрмелер, патриоттық акциялар, экологиялық сенбіліктер және жастардың әлеуметтік желілердегі челлендждері ұйымдастырылуда. Әсіресе ағартушылық, мәдени және экологиялық бастамаларға, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға айрықша көңіл бөлініп отыр.

Конституцияның 30 жылдығына орай қолға алынған бұл шаралар елдің негізгі заңын құрметтеу мен қастерлеудің айқын белгісі ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосылған маңызды қадам болып табылады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz