Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының спорттағы серпіні: Жаңа биіктерге жол

Алматы облысы соңғы жылдары спорт саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп келеді. 2022 жылдан бергі аралықтағы көрсеткіштерді салыстыра қарасақ, спортшылардың жеке жетістіктері де, бұқаралық спорттың дамуы да жаңа деңгейге көтерілгенін аңғаруға болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

2022 жыл — берік іргетас

Облыс спортының өркендеуіне 2022 жыл берік іргетас қалады. Бұл жылы өңір спортшылары:

  • 23 – халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

  • 111 – ҚР спорт шебері;

  • 586 – спорт шеберлігіне кандидат;

  • 146 – бірінші спорттық разряд иегері атанды.

Жалпы есеп бойынша Алматы облысының спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарда 1783 медаль жеңіп алды. Оның ішінде – 560 алтын, 512 күміс және 721 қола. Халықаралық додалардағы табыстар да аз болған жоқ: әлем чемпионаттарынан 45, Азия чемпионаттарынан 114 медальға қол жеткізілді.

2023 жыл — Азия ойындарындағы алтындар

2023 жыл Алматы облысының спорт тарихында ерекше із қалдырды. Өңір спортшылары 1742 медаль (610 алтын, 458 күміс, 674 қола) иеленіп, ел мерейін асырды.

Жылдың басты оқиғасы – Ханчжоуда өткен XIX Жазғы Азия ойындары болды. Бұл додаға облыстан 10 спортшы қатысып, жалпы есепте 2 алтын, 4 қола медаль олжалады. Әсем Орынбай (1 алтын, 1 қола), Эдуард Ещенко (1 алтын), сондай-ақ Ертуған Зейнулинов, Аян Тұрсын мен Мариан Урдабаева жеңіс тұғырынан көрініп, Алматы облысының спорт мектебінің мықтылығын дәлелдеді.

2024 жыл — Олимпиададағы күміс, көшпенділер ойынындағы алтын

2024 жыл облыс спорты үшін аса табысты жыл болды. Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Демеу Жадраев 77 келі салмақта күміс медальға қол жеткізді. Бұл – облыс спортшылары үшін тарихи жетістік.

Сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлестеріміз 2 алтын медаль иеленсе, VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарында 2 күміс пен 2 қолаға ие болды.

Жалпы есепте 2131 медаль (771 алтын, 604 күміс, 756 қола) еншілеп, 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткішін айтарлықтай жақсартты.

2024 жылдың тағы бір маңызды қадамы – «Алатау» лигасының іске қосылуы болды. Бұл жоба облыс бойынша 15 мыңға жуық жасты спортқа тартты. Әсіресе NEET санатындағы жастарға бағытталған бастама әр ауылдық округте 150 спорт клубының ашылуына жол ашып, бұқаралық спорттың дамуына серпін берді.

2025 жыл — жаңа биіктерге жол

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында-ақ облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстардан 1289 медаль (492 алтын, 378 күміс, 419 қола) алып, жылды жоғары қарқынмен бастады.

Халықаралық деңгейде де толайым табыстар бар:

  • Харбинде өткен IX Қысқы Азия ойындарында биатлоншы Асет Дюсенов күміс жүлдегер атанды;

  • Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Ксения Прозорова алтын медаль иеленді;

  • Еркін күрестен U20 Әлем чемпионатында Қасымбек Едіге Әлем чемпионы атанды;

  • Бокстан жастар және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында облыс өкілдері 4 алтын медаль олжалады;

  • Германиядағы Гран-При турнирінде Ербол Камалиев күміс, ал Демеу Жадраев алтын медаль жеңіп алды.

Разрядтық көрсеткіштер бойынша да оң өзгерістер байқалады. 2025 жылы:

  • 166 спортшы – бірінші разрядқа ие болды;

  • 862 – спорт шеберлігіне кандидат;

  • 20 – ҚР спорт шебері;

  • 4 – халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

Қазіргі таңда облыста 34 спорт түрі бойынша жұмыс жүргізіліп, 54 спорт федерациясы аккредиттелген. Бұл спорт инфрақұрылымын жетілдіруге, кадрлық әлеуетті нығайтуға ықпал етіп отыр.

2022 жылдан бергі төрт жылдағы көрсеткіштер Алматы облысының спорт саласында үлкен серпіліс болғанын айғақтайды. Жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спорттағы оң динамика, халықаралық аренадағы жеңістер және инфрақұрылымдық даму – өңірдің спорттағы жаңа белеске шыққанын көрсетеді.

Алдағы жылдары Алматы облысы спортшыларының байрақты бәсекелерде ел намысын лайықты қорғап, жаңа жеңістерге қол жеткізетініне сенім зор.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz