Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады

Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Жаңалықтар

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Қырғыз Республикасының VII шақырылған Жогорку Кенешінің депутаты Дастанбек Жұмабеков, Қырғызстан Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, қоғам қайраткері Аскар Салымбеков ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Президент Қырғыз Республикасының көрнекті мемлекет қайраткерлері қажырлы еңбек етіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып жүргенін атап өтті.

«Соның арқасында саяси, экономикалық, мәдени байланыстарымыз нығайып келеді. Парламентаралық ықпалдастығымыз да күшейе түсті. Осы орайлы сәтте мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Кыдыршаевич Ташиевке шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіз қауіпсіздік саласындағы екіжақты әріптестікті тереңдетуге зор үлес қосып жатырсыз, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында атқарған табанды еңбегіңіз жоғары бағаға лайық. Бүгінгі шара – жай ғана марапаттау рәсімі емес. Бұл – Қазақстанның Қырғыз халқына деген зор ризашылығы мен құрметінің белгісі. Сондықтан, бұл күн мәңгі бауырластық пен тату көршіліктің жарқын үлгісі ретінде қазақ-қырғыз қатынасының жылнамасына алтын әріппен жазылады деп ойлаймын. Сіздер Қырғызстанның көркеюіне, сондай-ақ, екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мол үлес қоса бересіздер деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz