Агенттік сымды интернет қызметтерінің құнын зерделеу барысында оператор тарапынан монополиялық баға белгілеу белгілері анықталған.
«2024 жылы компанияның интернет тарифтері едәуір қымбаттады. Атап айтқанда, жылдамдығы 100 Мбит/сек., 200 Мбит/сек. және 500 Мбит/сек. қызмет түрлерінің бағасы 20 пайызға көтерілген. Осыған байланысты «Қазақтелеком» АҚ-ның әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бар деген негізде тергеп-тексеру басталды», – делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен бірге, ұялы байланыс нарығында да бағаның негізсіз өсуіне қатысты күдік туындаған. Қазір агенттік ұялы байланыс операторларының әрекеттеріне қатысты жеке тергеу жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.
Мамандардың айтуынша, бұл тексерулердің басты мақсаты – телекоммуникация саласында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.





