Шараның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақыру болды.
Акция барысында Есік өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Игі іске «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары белсене атсалысты. Экологияға жанашыр жастардың еңбегінің арқасында 100 қаптан астам қоқыс жиналды.
Сонымен қатар еріктілер Есік қаласында тұрғындарға тазалық мәдениетін насихаттайтын флаерлер таратып, барша жастарды табиғатты қорғауға шақырды. Шара барысында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, ол әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс. «Тазалық әр адамнан басталады», – деп атап өтті шараға қатысушылар.





