Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бішкекте Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» шығармашылық кеші өтті

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында қазақтың ұлы композиторы, әйгілі күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса» шығармашылық кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аясында өтті.

Мерекелік концерт Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қойылды. Шараны Алматы облысы әкімдігі ұйымдастырып, аймақтың жетекші шығармашылық ұжымдары мен белгілі өнерпаздары қырғызстандық көрермендерге өнер көрсетті.

Кештің құрметті қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Дінзухра Тілендиева болды.

Сахна төрінде «Сазген» және «Құлансаз» ансамбльдері, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, еңбек сіңірген қайраткер Нұркен Әшіров және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Сондай-ақ қырғызстандық әртістер де Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындап, мерекелік кештің сәнін кіргізді.

Сүйінбай атындағы филармония директорының орынбасары Алмас Нұғмановтың айтуынша, кешке екі ай көлемінде дайындық жүргізілген. «Бұл шарада қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузы сахнада үндесіп, екі халықтың рухани жақындығын айшықтай түсті», – деді ол.

Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы даталар тізіміне енгізілген. Осыған орай мерейтой халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтуде. Бұған дейін Алматы облысының қолдауымен композитордың шығармашылық кеші Қытайдың Бейжің қаласында ұйымдастырылған болатын. Ал Бішкектегі концерт мәдени эстафетаның заңды жалғасы ретінде өтті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz