Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жыл соңына дейін 35 жаңа кәсіпорын іске қосылады

Алматы облысында инвестициялық белсенділік артып келеді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңір экономикасына 421,6 млрд теңге құйылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға жоғары, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауқымды капиталдың ішінде шетелдік инвестиция көлемі 1,5 есеге өсті. Инвестиция тарту бойынша өңір ел көлемінде тоғызыншы орынға шыққанын облыс әкімдігі атап өтті.

Тек бірінші тоқсанда облысқа 210,7 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция келген. Оның жартысынан астамы өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған.

2030 жылға дейін өңірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 221 жоба жүзеге аспақ. Бұл шамамен 84 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

2025 жылы облыста 35 жаңа кәсіпорын іске қосылмақ. Олардың қатарында:

  • LC Waikiki логистикалық орталығы,

  • «Шин Лайн» балмұздақ фабрикасы,

  • Sokol автодромы бар.

Биылдың өзінде төрт нысан жұмысын бастап, 540 адамды жұмыспен қамтыды. Оның ішінде «Gas Line» тас кесу және өңдеу зауыты мен KT&G темекі өнімдері өндірісі бар.

2025 жылға облысқа жоспарланған инвестиция көлемі 1,35 трлн теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23%-ға көп. Қазіргі қарқынға қарай, Алматы облысы жоспарды артығымен орындауды көздеп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы жазда туристерді қандай шаралармен таңғалдырады?

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz