Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқару жүйесінде жаңа өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Енді басқарушы ұйымдар кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті өз бетінше көтеру құқығынан айырылады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, басқарушы компания немесе ПИК кондоминиум объектісін басқару қызметінің құнын өзгертуге немесе өз жұмысын мерзімінен бұрын тоқтатуға ниет білдірсе, ол туралы барлық меншік иелерін – пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ пен қойма иелерін – кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.

Тарифті көтеру мәселесін тек меншік иелерінің жиналысында қарастыруға болады. Бұл шешім хаттамамен рәсімделіп, онда тұрғындардың тариф өсіміне келісімі не бас тартуы, сондай-ақ басқарушы ұйымды ауыстыруға қатысты шешімі көрсетіледі.

Сонымен қатар басқарушы субъектілер тұрғын үй инспекциясын өз қызметін бастау немесе тоқтату туралы, объектінің нақты мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге тиіс.

Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары бұл ақпараттың барлығын бірыңғай тізілімге енгізіп отырады.

Жаңа ереже тұрғындардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, тұрғын үйлерді басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz