Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2025 жылы Алматы облысының жастары қанша грант иеленді және қандай мамандықтарды таңдады?

Биыл Алматы облысында 17 940 оқушы мектепті тәмамдады. Олардың ішінде 1 432 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 1 513 оқушы үздік аттестатпен мектеп бітірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша облыс түлектерінің 44%-ы — 7 681 адам мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Оның ішінде өңір үшін басым бағыттарға ерекше назар аударылды:

  • 1 440 грант — педагогикалық мамандықтарға,

  • 770 грант — медициналық,

  • 543 грант — аграрлық салаларға бөлінді.
    Қалған 4 928 грант елімізде сұранысқа ие басқа да мамандықтарға тиесілі болды.

Айрықша қуаныш тудыратын жайт — халықаралық әріптестік. Биыл Алматы облысынан 37 түлек Қытайдағы Синьцзян университетінде білім алуға барады. Барлық шығынды қабылдаушы тарап өз мойнына алады. Бұл тек әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар халықаралық құзыреттерге ие жаңа буын мамандары қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік.

Талантты жастарды қолдауда жергілікті биліктің де үлесі зор. Биыл облыс әкімі 40 атаулы грант бөлді. Олардың бөлінісі мынадай:

  • 17 грант — медициналық мамандықтарға,

  • 17 грант — аграрлық салаларға,

  • 6 грант — педагогикалық бағыттарға.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл студенттерге жасалған қолдау ғана емес, сонымен бірге өңірдің адами капиталына жасалған стратегиялық инвестиция. Мұндай грант иегерлерінің туған мектептерге, ауруханаларға және ғылыми мекемелерге оралып, қызмет ететініне сенім білдірілді.

«Бұл жас мамандар өңірдің дамуына тірек боларына сенеміз. Білім беруді қолдау бір реттік шара емес, бүкіл облыстың орнықты болашағын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс», — деді облыстық білім басқармасында.

Сонымен қатар, гранттар мен халықаралық бағдарламалардан бөлек, өңірде мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасып келеді. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждермен мақсатты оқытуға байланысты меморандумдар жасалып отыр. Бұл түлектерге қандай мамандықтардың сұранысқа ие екенін алдын ала түсінуге және оқу аяқталған соң тұрақты жұмыс орнына ие болуға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz